Астана қаласындағы экскурсия » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
06
ноябрь
2018

Астана қаласындағы экскурсия

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, 13-17 жас аралығындағы балалар үшін «Көшбасшы жолы» мектептік туры 31 қазан-3 қараша аралығында Астана қаласындағы экскурсияның
Анықтамасы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің дарынды оқушылары Абатбай Сымбат, Уалиева Аружан, Ерлан Адина, Серикбай Ақерке 31 қазан-3 қараша аралығында жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауына сәйкес Астана қаласына саяхатқа барды. Оқушыларды сегіз топ жетекші алып барды. Қарашаның 1 күні Астана қаласына келді. Осы анықтама әрі қарай оқушылардың өз көздерімен көрген әсерлерімен жалғастырылады.
Таныстырушы апай оқушыларды жылы сөздерімен баурап, қаланы таныстыруды бастады. Астана қаласында Есілдің сол жағалуында орналасқан керемет 4 жұлдызды «WYNDHAMGARDEN» атты қонақ үйге ат басын бұрдық! Шынында керемет қызыметкерлері күлімдеп қарсы алып, бөлмемізге кіру үшін арнайы карточка пішінді кілттерімізді өзімізге ұсынып, бағыт-бағдар берді. Орналасып болған соң таңғы ас ішу үшін 3 қабаттан 1 қабатқа түсіп, қонақ үйдің асханасына барып тамақтандық. Қонақ үйінің ішкі безендірілуі керемет! Барлық жағдай қарастырылған. Тіпті бассейн, фитнес клубы, ойын клубтары да жұмыс істеп тұрды. Содан соң жиналып автобусқа отырып, қала ішін аралауға кеттік. Сонымен саяхатымызды тұңғыш Президент мұражайынан бастадық. Бұл жерде Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолын IT техникалық жолмен таныстық. Елбасының жұмыс үстелін, кабинетін, жеке бөлмелерін көріп куә болдық. Одан соң Есілдің оң жағалуына барып, ерке Есілдің еркелігіне тамсанып, суретке түстік. «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып саяхатымызды одан әрі жалғастырдық. Кереметтей «Виноград» аттты шығыс мейрамханасына барып, тамақтандық. Тіл үйіретін дәмді тағамдарымен таңғалдырып, тамсандырды! Ауа-райы бұзылып, қар жауғанымен көңіл күйіміз көтеріңкі өз қалпында қалып, «Бәйтерек» монуметін тамашаладық, Астана қаласындағы ұлттық музейге саяхатымыз жалғасты. Осыдан кейін « Мега» ойын сауық орталығына барып, көңіл көтеріп қайттық. Бағдарламадан тыс шексіз саяхаттарды сыйлаған таныстырушы (гид) апайға рахмет. Осыдан соң мейрамханадан кешкі ас ішіп, қонақ үйге оралдық. Бос уақытымызда қонақ үйге келіп, қызықты бөлімдерімен танысып, уақытымызды қызықты әрі керемет қылып өткіздік. Ертесі күні «Әскери -саяси» мұражайына жол тарттық. Қазақ халқының сонау XV ғасырдан бері қарай кеңес үкіметіне дейінгі қолданған қару-жарақтарын , киімдерін көріп, шынайы қуанып, таңғаларлық көңіл-күйде болдық. Осыдан соң Елбасымыздың «Назарбаев» университетіне барып, университетпен танысып, студенттермен сұхбат жұмысын жүргіздік. Альта-Виста» атты мейрамханаға барып, тамақтандық. «Нұр-Әлем» аттты Экспо-2017 жылғы көрмесін тамашаладық. Елбасымыздың ұлттық кітапханасына барып, Елбасы қоры мен өмір жолымен танысып, 8 қабатқа саяхат жасадық. Осыдан соң кешкі ас ішіп, «Ел Тур» компаниясы жолға арналған тағамдарын салып беріп, вокзалға дейін шығарып салды. Алған әсеріміз шексіз. Осы іс-шараны ұйымдастырған апайларымыз бен ағайларымызға мың алғыс. Осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса еліміздің, түпкір-түпкірін осылай тамашаласақ біз үшін үлкен қуаныш...
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Астана қаласындағы  экскурсия
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив