27
май
2022
11 сынып оқушылары алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханы
27 мамыр 2022 жылы Владимир Савва атындағы 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 11 сынып оқушылары алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханы ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді. Емтихан басталмас бұрын мектеп директоры Қыстауов Б.Т. оқушыларға сәттілік тілеп, сынақтан сүрінбей өтетіндеріне сенім білдірді. Биылғы мектеп бітіруші түлектер саны - 68. 11 қазақ сыныбы бойынша барлығы 34 оқушы, 11 орыс сыныбы бойынша 34 оқушы, оның ішінде 4 "Алтын белгіге", 8 "Үздік аттестатқа" үміткер оқушылар сынақтан өтті. Емтихан ережесіне сай алгебра және анализ бастамалары пәнінен оқушылар жазбаша жұмыс жазды. Оқушыларға емтихан материалдары 10.00-де таратылып, бес сағат уақыт беріліп, 15:00-де аяқталды. Қорытынды аттестаттау барысында емтихан талаптары қатаң түрде сақталды. Әр сыныптағы емтиханға бір емтихан алушы мен үш ассистент ұстаз қатысты. Қорытынды аттестаттау өз деңгейінде өтті.