28
май
2022
9 сынып оқушылары ана тілі (қазақ тілі, орыс тілі) пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханы
28 мамыр 2022 жылы Владимир Савва атындағы 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 9 сынып оқушылары ана тілі (қазақ тілі, орыс тілі) пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханы ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді. Емтихан басталмас бұрын мектеп директоры Қыстауов Б.Т. оқушыларға сәттілік тілеп, сынақтан сүрінбей өтетіндеріне сенім білдірді. Биылғы 9-сынып бітіруші түлектер саны - 124 оқушы. 9 қазақ сыныбы бойынша барлығы 70 оқушы, 9 орыс сыныбы бойынша 54 оқушы сынақтан өтті. Емтихан ережесіне сай оқушылар ана тілі (қазақ тілі, орыс тілі) пәнінен жазбаша (эссе) жұмыс жазды. Оқушыларға емтихан материалдары 10.00-де таратылып, 2 сағат уақыт беріліп, 12:00-де аяқталды. Қорытынды аттестаттау барысында емтихан талаптары қатаң түрде сақталды. Әр сыныптағы емтиханға бір емтихан алушы мен үш ассистент ұстаз қатысты. Қорытынды аттестаттау өз деңгейінде өтті.