21
октябрь
2021
Республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі
2021 жылдың қазан айының 21-жұлдызында Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 5-6 сынып оқушылар арасында Республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты:
– таңдаған пән бойынша дағдыларды жандандыру және жетілдіру;
– логикалық және абстракті ойлау қабілетін дамыту;
– білімділік пен білім базасын тексеру;
– алған білімін іс жүзінде қолдана білу;
– пәнге деген қызығушылығын жоғарлату;
Байқауға:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: 13 оқушы;
Орыс тілі пәнінен: 24 оқушы;
Математика пәнінен: 36 оқушы;
Жаратылыстану пәнінен: 25 оқушы;
Ағылшын тілі пәнінен: 26 оқушы;
Қазақстан тарихы пәнінен: 23 оқушы қатысты.
Байқаудың нәтижесінде аудандық кезеңге 14 оқушы жолдама алды. Олар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен- Искак Д., Айдарбек Е., орыс тілі пәнінен – Иванченко К., Агриненко К., ағылшын тілі пәнінен – Нұрмахамбет Ж., Құтлымуратова Э., математика пәнінен- Ерсайын Н., Махмадин Б., Сержан Н., Бисен К., тарих пәнінен – Ли Э., Махсатқызы Қ., жаратылыстану пәнінен – Жандаулетов М., Меркілік А.
Оқушыларымызға аудандық олимпиада кезеңінде сәттілік тілейміз!