19
май
2022
IQanat - жаңа мүмкіндіктер мектебі
IQanat - жаңа мүмкіндіктер мектебі
«IQanat» қоры ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен жұмыс істейді. «IQanat» олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №232 бұйрығымен ұсынылатын пәндік олимпиадалар қатарына енгізілген. Қордың барлық жобалары қамқоршылардың қолдауы арқасында жүзеге асуда.
Ауыл оқушыларына оқу және өзін-өзі дамыту үшін жақсы бастапқы мүмкіндіктер сыйлайды.
2022 жылдың 31 наурыз айында Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу мақсатында 8 сынып оқушылары арасында өткізілген Республикалық «IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңінде жаратылыстану бағыты бойынша жоғары ұпай жинап, мектебіміздің 8 сынып оқушылары Манат Бекнұр,Морозова Зарина ІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз оқушыларымызға олимпиаданың Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!