«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы
Мектебімізде 25.01.2022 жылы 10 – сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел оқушыларға «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстелде оқушылар «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырып төңірегінде өз ойларын айтып, жәнеде «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолдары қандай?», «Пара дегеніміз не?», «Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?», «Сыбайлас жемқорлық жайлы қандай статистикалық мәліметтер ұсына аласыздар?», «Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қашан қабылданды?» деген сияқты сұрақтарды ортаға салып, қызу талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірлері тыңдала отырып, ұсыныстары енгізілді.