28
октябрь
2022
"Бала құқығы - адам құқығы"
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі - ата-аналармен жұмыс форматының өзгеруі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов "Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматын өзгертіп жатырмыз" деген болатын. Осы орайда Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 21.10.2022 жылы әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру мақсатында "Бала құқығы - адам құқығы" атты ата-аналармен дискуссиялық алаң өткізілді. Дискуссияға қонақ ретінде Аудандық прокуратура қызметкерлері, ЖПҚ ЮПТ полиция мойоры Д.Омарова, АББ әдіскері С.Метеркулова, А.Тулетбекова, "Ұшқын жастар орталығының" қызметкерлері, мектеп-лицей директоры Б.Т.Қыстауов, ДҚТЖО Ж.Иманбаева, психолог С.Абашева қатысты. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс жүзінде дәлелдеп отырулары жайлы ата-аналарға түсіндірілді.Ата-аналар тақырып бойынша алған әсерлеріне өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Балаларды қадағалап үнемі назарда болатындарына сенім білдірді.Кездесуден алған әсерлерін ортаға салып ризашылығын білдірді.