15
февраль
2023
«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!»
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 5-15 ақпан аралығында дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орайластырылған «Обырсыз өмір» іс шарасы өткізілді. Аталған шаралар қатарында ең алдымен, 6-шы ақпан күні «Онкологиялық аурулар» тақырыбы аясында мектептің кіре берісінде видео таныстырылым көрсетілді. Ол арқылы ұстаздар мен оқушылар онкологиялық аурулардың түрлерін білді. Ақпанның 7-ші жұлдызында «Онкологиялық аурулардың туындау себептері мен алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларымен бірге аурудың туындау себептері және алдын алуы түсіндірілді. Презентация таныстырылымынан кейін оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Келесі күні «Қатерлі ісік-ғасыр дерті» тақырыбында сынып жетекшілермен бірлесе отырып 4-5-6-7 сынып оқушыларынан диктант алынды. Бұл жердегі негізгі мақсатымыз оқушыларды қауіпті дерттен сақтандыру. 9-шы ақпан күні Көзейбай Гүлзинатпен біріге отырып «Обырсыз өмір» атты флешмоб ұйымдастырылып, оқушылар биледі. Ақпанның 9-шы жұлдызында Аудандық аурухана дәрігерлерімен бірге, атап айтқанда Дауылбаев Асхат және Адешова Халбубидің «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» атты тақырыппен мектеп ұстаздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұстаздар өз сауалдарын қойып, көкейтесті сұрақтарына жауаптарын алды.