07
апрель
2022
Дүниежүзілік денсаулық күні
Бүгін, 7.04.күні Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 7-сәуір "Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған "Салауатты әлем құрайық" атты ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасын басшылыққа алып мектебімізде аталып өтілді.
Еліміздегі тұрақты даму мақсаттарының бірі-салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдарға қолайлы жағдай жасау, денсаулыққа пайдалы заттарды қамту болып табылады.
"Салауатты әлем құрайық" тақырыбында спорттық іс шаралар өткізілсе, даярлық, 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді. "Денсаулыққа арналған дәрумендер","Өмірге арналған салауатты әдеттер","Бала мен бүкіл отбасына арналған дұрыс тамақтану", "Ковид-19 жұқтырудың алдын алу " тақырыбында жүргізілді. Ата-аналардың жеке чаттарына " Баланы жақсы әдеттерге тәрбиелеу" жөнінде кеңестер жіберілді. Үлкен қоңырауда флешмоб билеп, қимыл қозғалыстары ұйымдастырылды. 5-6-7-сыныптарға көңілді спорттық эстафеталар ойнатылды.
Сынып жетекшілер, гигена дағдыларын, дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдасы жайында да кеңінен ойната отырып түсіндірді.
Бұл,бағдарлама бойынша да әрі қарай жұмыстар жүргізіледі.


