19
май
2023
"Менің мектебім буллингке қарсы!"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінде 2023 жылдың 19 мамырда сағат 10.00-де "Менің мектебім буллингке қарсы!" атты жалпы республикалық флешмоб 8-11сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылып өткізілді. Ережесі мен өткізілу тәртібімен таныстырылды. Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы (оқушы) мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін және әлсіз оқушыны қорлап, күтпеген жерден немесе ескерту арқылы шабуыл жасайтын адамды сипаттайды. Міне осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында мектебімізде 19 мамыр күні сағат 10:00 де білім алушылардың "БІЗДІҢ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ" атты флешмобы болып өтті. Флешмобтың негізгі мақсаты білім алушылардың арасындағы буллингке жол бермеу және алдын алу болып табылады.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=969777651128342&set=pcb.1933071307070147
https://www.facebook.com/photo/?fbid=969777651128342&set=pcb.1933071307070147