28
сентябрь
2022
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"
Мектепте ақша қаражатын жинауға жол бермеу туралы
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 8 бабы 2 тармағына және ауданның білім беру ұйымдарының Жарлығының талаптарына сәйкес және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 23.09.22жылғы N334-Ө бұйрығына сәйкес хабарламаны мектебіміздің ұжымына, ата-аналарына таныстырылды.
Биылғы, 2022-2023 оқу жылында мектепте білім алушылардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) мерекелік іс-шаралар өткізуге,білім қажеттілігіне қайырымдылық көмек көрсету есебінен мәжбүрлеп қаражат жинауға жол берілмейді.Мектепте "Сенім жәшігі" және сенім телефоны 4-39-00 жұмыс атқарады. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында үгіт-насихат тобы құрылды. Заңсыз ақшалай қаражат жинау әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылатын сыбайлас жемқорлық болып есептелетіні туралы арнайы бұрышқа мәліметтер ілінді. Сондықтан Заң бұзушылыққа жол берілмеуге атсалысайық.