29
май
2023
«Нашақор болмаудың 100 себебі»
25.05.2023ж М .Әуезов атындағы ЖОББ мектеп-лицейінің кітапханасында 9 «В»сынып арасында «Нашақор болмаудың 100 себебі» атты пікірталас өткізілді.
Мақсаты:Салауатты өмір салтын насихаттай отырып,оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға ,әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға,оқушылардың бойында адамгершілік,имандылық қасиеттерді қалыптастыруға,денсаулықтың қадірін түсініп,сақтай білуге тәрбиелеу.Есірткі,ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері,болашақта оның зардаптары тимес үшін зиянды әдеттерге еліктеудің,қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыннын ескерту.Оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы,әр азаматтың өмірінде салауатты өмір қалыптастыру керек екенін сезінді.
Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=680768910437577&set=pcb.1936966053347339