04
декабрь
2021
«Діни экстремизм мен терроризге қарсы күресу»
Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектеп лицейінде 03.12.2021 ж. «Діни экстремизм мен терроризге қарсы күресу» тақырыбында 9- сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс шараның мақсаты Оқушыларды діни наным - сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету. Ислам діні туралы түсініктерін кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру; ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт - дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Зайырлылық және дінтану пәні мұғалімі Садыков Е.Е. Экстремиз және терроризм ұғымдары туралы кіріспе сөз айтып өтті. Іс шара барысында Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға жедел уәкілі Байтаков Ербол мырза «Экстремизмнің негізгі белгілері» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.Қоғамға жат ағымдар солардың ішінде «Салафиттер мен Таблиғи Жамағат ұйымдарына ерекше тоқталып, кеңінен түсіндіріп өтті.Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға деген әллеуметтік зыяндарын және де радикалды идеологияның қоғам үшін қауіпті екендігін және сөзінің соңында әрбір азамат қоғам үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруын ерекше атап өтті