13
сентябрь
2023
Мектеп формасының үлгісі
Мектебіміздегі оқушылардың мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
Мектеп формасының үлгісі, былтырғы киген үлгідегі сұр түсті классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырылмай түстерді араластыруға рұқсат етілетінін ескертті. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалды.
Мектептің ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Мұзарапов ата-аналармен келісе отырып, барлығы бірауыздан мектеп формасы былтырғы оқу жылында киген сұр түсті киім жалғастырылады.
Мектеп формасы қара көк түсті мен сұр түсі сақталады.
Ұлдардың мектеп формасы: сұр көк түсті Бомбер жемпір, жилет, қара көк түсті шалбар, мерекелік ақ түсті күнделікті жейде.(Костюм шалбар еркіне қарай) Ұлдарға арналған шалбар классикалық үлгіде, еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті белдемше, тізенің үстінде, (юбка) жилет, кардиган Бомбер жемпір, күннің суықтығына қарай қара көк түсті классикалық шалбар. 2023-2024 оқу жылында осы мектеп формасының сақталатыны туралы айтып өтті.
Мектеп формасын сақтамаған оқушылар бар болған жағдайда олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатындығы жайлы жазбаша хабарланатыны жайында айтып өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғау үшін Департаментке жазбаша жолданатыны жайында түсіндірді. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын түсіндірді.