26
сентябрь
2023
Үйге қауіпсіз жол...
Үйге қауіпсіз жол...
Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Оқушыларды көшеде жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Өз өмірі үшін жауапкершілік алуға баулу.
Мектебімізде «Үйге қауіпсіз жол» тақырыбындағы «Үздік бейнеролик» ,сурет байқауы, тәрбие сағаттары өткізілді. Сурет сала отырып оқушылар жол ережесін, бағдаршам көздерімен танысып, үйге қалай барып келу керектігін түсінді. Әсіресе, сурет салған оқушылар: Смайлова Аружан, Бауамұрат Ерлан, Қолғанат Асылжан, Атабай Айша, Сәрсебай Жания сынды оқушылардың жұмыстары өте тамаша салынған.
Тәрбие сағатында 5-8 сынып оқушыларына жолда жүру ережесін түсіндіріп,іс жүзінде жол ережесін сақтауға,жол тәртібін бұзбауға шақырды. Бағдаршамның атқаратын қызыметімен таныстырды. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамытып,жолда жүру ережелерін меңгертті. Жолда жүру ережелері туралы сыныптан тыс түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
https://www.facebook.com/100030510421153/videos/823977632843432/