10
ноябрь
2023
"Қыз қылығымен көркем"
Жеңгелер мектебі
Бүгін, мектебімізде жеңгелер мектебінің жұмыс барысында: "Қыз қылығымен көркем" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру болатын. Сонымен бірге, қыздар мен жеңгелердің жақындығын арттыру.
Іс -шараға 8-9 сынып оқушыларының жеңгелері және қыздар қатысып, ой бөлісті. Ұлтық нақышта, қайын сіңлілерін өз атымен атамайтын жеңгелер өз ақылдарын, сырларын айтып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі, "Ақылды қыз білімге жүгірер,ақылсыз қыз сөзге ілінер " т.б сөздерге мән берілді. Бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, ойларын ортаға салды. Іс шара соңында, жеңгелер ұстаздар қауымына алғыстарын айтып, өздерінің аларлары көп болғанын жеткізді...Әр мемлекеттің өз заңы мен дәстүрі болады. Әр ұлттың өз тарихынан жеткен мәдениеті, тағылымдық өнегесі бар. Біз қазақ халқы ұлттық тәрбиемізді жас ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін қыздарымызға дұрыс бағыт беруіміз қажет. Әзілхан Нұршайықовтың "Автопортрет" деген еңбегінде "Қыздарға кеңес" ақыл-нақыл сөздерінде былай деген: Қыздар!
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар!
-Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар!
-Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар!
-Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!-деген екен...
Қызымыз қылықты болсын!#біртұтас_тәрбие
@ogu_agartu_ministligi
@medetbekovameruert