21
ноябрь
2023
Темекі шегуге болмайды
Бүгін, мектебімізде 9-10 сынып оқушыларына СӨС -мамандары " Темекі шегуге болмайды " тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсат: Темекі, алкоголь, нашақорлықтың денсаулыққа зияны,зардабы жайында түсіндіру.
Қазіргі әлемде темекі шегу адамзаттың үштен бірінен астамының ажырамас серігі және ең кең таралған жаман әдеттерінің бірі болып табылады. Көптеген адамдар никотинге тәуелділікті есірткіге тәуелділікпен қатар қояды. Темекінің темекі шегетін адамның денесіне келтіретін зияны өте үлкен, бірақ қысқа өмірде байқалмауы мүмкін.....Осы жайында маман Қалбүбі Жексенқызы және дәрігер ағай Закир тереңінен түсіндіріп, мағыналы видео роликтер көрсетті. Оқушылар тиімді тамақтану, спорт, кітап оқу қажетін және жақсы ортада жүру, отбасы, мектеп сияқты өмірде маңызды ортада дұрыс жүру керектігін түсінді....