30
ноябрь
2023
«Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Яссауи»
«Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Яссауи»
29.11.2023 ж. шығыс ғұламаларының рухани тәлімгері, түркі әлемінің белгілі ойшылы, ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын Қожа Ахмет Яссауидың туғанына 930 жылдығына орай «Тарихқа құрмет» жобасы аясында «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Яссауи» тақырыбында мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел болып өтті.
Онда мектеп оқушыларының дайындауымен ғұламаның өмірбаяны, шығармашылығы, ислам дінінің таралуына қосқан үлесі, сопылық ілімі мен ескерткіштер жайында сөз қозғалып, бейнефильмнен үзінді көрсетілді.
Іс-шара барысында білім алушылар белсенді қатысып, философтың ғибартты әңгімелерін тыңдап, өз ойларын ортаға салды.
Әрине, Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет» жайында да ақпараттар айтылды. Ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайтын, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттары, сонымен қатар, бұл фәнидің жалғандығын да осы шығармасында ашық айтады.
Тарихи іс-шараны қорытындылай келе, тарих пәні мұғалімдері Сейтова А.П. мен Жеңісбек И.Ж. белгілі ғұламалардың нақыл сөздерін тілге тиек етіп, олардың жүріп өткен жолынан алар тәлім-тәрбие мен өнегені атап айтты. Өмір сүрген заманының қиын-қыстау кезеңіне қарамастан, оқу-білімге, ғылымды тануға құштар болған бала Ахметтің ортағасыр философиясында ойып алар орнын қалдыруының негізі – ізденіс. Демек, білім жолындағы ізденіс болашақта ғылымның биік шыңына жетелері анық!