15
октябрь
2021
«Ұстаз, халық ұстазы»
«Ұстаз, халық ұстазы»
Ахмет Байтұрсынұлы -150 жыл
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анисова Назыгүл Төлендіқызы және кітапхана ісі мамандары Алимбекова А. Мирзагулова Г. ұйымдастыруымен, мектебіміздің өзге ұлт оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында ғылыми-конференция өтті. Бұл конференция Қазақстан халқы тілдері күні мен Алаш қайраткері, ғұлама ғалым, қазақтың рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық туған күніне арналады.
А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ. Алаш қайраткерінің ел келешегі жолындағы өлшеусіз еңбегін дәріптеуді, жастар арасында насихаттауды мақсат ете отырып өткізген конференция барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы ғалымдар тарыпынан кеңінен талқыланып, ел келешегі үшін маңызды құжаттың мазмұнына орай келелі пікірлер айтылды. Президент Жолдауындағы «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» деген ұстанымына үлкен сенім артқан ғалымдар осы бағытта тіл, әдебиет, тарих салалары бірлесе жұмыс істеуі қажет деген тұжырым жасады. 3 «ә» сынып оқушылары Оразалы Аида, Кендебай Нұрай, Сәкен Құралай, Турсунов Халил, Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың өлеңдерінен үзінді оқыды.
1-ші Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 9 «Д» сынып оқушылары Кадирова Лиана
Шығармалары: 8 «г» сынып Джульфаева Илиф, Аманғали Аяжан
Латын әліпбиі, түркітанушы: Маматов Алишен, Бекен Аянат
Әдебиет зерттеулері: 9 «в» сынып Тәңірберген Бекнұр, Жуль Анастассия
Аудармалары: 10 «В» Ибишева Нургуль,
Алаш орда: 8 «Д» сынып Ломанова Озлям, Шидакова Марьям
Қазақ тілінің негізін қалаушы: 9 «Г» сынып Идирисова Мадина, Жетпісбай Нурсая
Ана тіліміздің мемлекеттік тіл дәрежесінде дамуы, қоғамдық қолданыс шеңберінің кеңейуімен қатар Ахмет Байтұрсыновтың құнды мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат ете отырып ұйымдастырылған конференцияны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анисова Назгүл Төлендіқызының марапаттау рәсімімен аяқталды.