04
октябрь
2021
«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп- лицейінде қазан айының 4-30 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында үлкен іс-шара айлығы ұйымдастырылуда. Іс-шараның мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну. Сонымен қатар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған қазақтың, оның ішінде классикалық әдебиетінің, білім беру саласының үлкен өкілі Ы.Алтынсариннің және Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналады. Қазіргі уақытта білім мен тәрбие саласы бұл бүгіннен басталып отырған жоқ, оның тарихы тереңде жатыр. Ол Ыбырай Алтынсарин мектебінен басталады. Біздің осы мектебіміздегі болып жатқан шаралардың оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастырып отырған шарасы осы өскелең ұрпаққа беріп отырған тарихи, педагогикалық концепциясының жалғасы. Осы орайда Ы.Алтынсариннің, А.Бйтұрсынұлының әңгімелері, өлеңдері, педагогикалық трактаттары қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Қазіргі уақытта біздің жас ұрпақ, бүгінгі ұстаздарымыздың өзі Ы.Алтынсариннің шығармаларының мазмұны мен өлеңдерін керемет ұлттық сарында өз бойына сіңіріп, сусындап келе жатыр. Сондықтан біз алдағы уақытта Ы.Алтынсариннің еңбегін мәңгілікке бағалау, болашаққа жеткізу мақсатында жасалып жатқан шаралар мазмұнды, бай әрі үлкен шараға ұласатынына біз сенімдіміз!
Осыған орай айлықтың ашылуы мектеп домбырашыларының күй тартуымен басталды. Үлкен үзілісте «Тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш айту, жұмбақ» жәрмеңкелері болып өтті. Жәрмеңкеге І ауысым оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға сөз тіркестері, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Оқушыларға қазақ халқының тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ұғындыру. Сөз тіркестері көрмесінде арнайы салынған қораптан таңдап алған сөздердің мағынасын түсіндірді, мақал-мәтелдер көрмесінде мақалдарды толықтырып, жұмбақ шешу көрмесінде дұрыс жауаптарын тауып, жаңылтпаш айту көрмесінде жаңылтпашты жаңылмай айтты. Дұрыс жауап берген оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
https://www.facebook.com/100005119127685/videos/237921391524830/