15
март
2021
«Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы»
2021 жылдың 11-12 наурызында В. Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде, қазақ әдебиетінің атасы, аса көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы сонымен қатар қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин атамыздың 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты ғылыми конференция болып өтті. Конференцияға мектеп кітапханашылары Алимбекова Айгүл, Мирзагулова Гүлнұр және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахаева Ұлжан, бастауыш сынып мұғалімдері Кулебаева Анар, Бадалова Мариям, орыс тілі пәні мұғалімі Қарабалаева Айгүл аталған мұғалімдердің ұйымдастыруымен өткізілді.
Конференцияның мақсаты: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында, Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференциясы ұлы ағартушының педагогтік мұрасын зерделеу, зерттеу және оның тың идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыруды қолға алу, сонымен қатар ағартушы «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралының» авторы болып табылатын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашлығын мектеп оқушыларына кеңінен насихаттау.