28
декабрь
2023
Балалар оқулары" олимпиадасы
Желтоқсан айының 26 күні 3-4 сынып оқушыларының арасында мектепшілік "Балалар оқулары" олимпиадасы өткізілді. «Балалар оқулары» байқауының өткізілудегі мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және функционалдық сауаттылығын дамыту.Олимпадаға барлығы 34 оқушы қатысты. Оқушыларға 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары берілді. Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.