09
февраль
2021
«Жыр бәйгесінің ақбоз аты» атты әдеби оқулары байқауына шақырамыз
Құрметті әріптестер, оқушылар және өнер сүйер қауым, Сіздерді ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл толуына орай, №9 В.Савва атындағы ЖББМ-лицейінің кітапханашыларының ұйымдаструы бойынша 4 және 5-ші сынып оқушыларының қатысуымен өтетін, «Жыр бәйгесінің ақбоз аты» атты әдеби оқулары байқауына шақырамыз. Әдеби кешіміз 2021 жылдың ақпан айының 16-шы жұлдызында өтеді.
Байқау шарттары:
- байқаудың тіркелу кезеңі 2021 жылдың 12 ақпанына дейін.
- байқау екі кезеңнен тұрады:
1) «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы өзін таныстыра отырып, Мұқағалидің неше өлеңін жатқа білетінін айтады және әділқазылардың таңдауымен Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.
2) «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» - сұрақ – жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы жорға ойыны секілді. Бір минутта он бес сұрақтың қаншасына жауап береді.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын: І дәрежелі диплом және спорттық велосипед
2 орын: ІІ дәрежелі диплом және ақын кітабы
3 орын: ІІІ дәрежелі диплом және ақын кітабы
Қалған қатысушылар наминациялар бойынша Алғыс хатына ие болады.