12
февраль
2024
«The future belongs to smart children>>
Интеллектуалды ойын 2024 жылдың 8 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- лицейінде «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» айлығында жоспарға сәйкес «The future belongs to smart children>> тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Атыхан А., Ермек М., Жумагулов А. 8 сынып оқушыларымен интеллектуалды ойын өткізді. Мақсаты: 8 сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру, оқылым дағдысын дамыту.
Интеллектуалды ойын барысында оқушылар екі топқа бөлініп, мәтінді оқу, тыңдау арқылы, мәтін бойынша тапсырмалар орындап жарыса түсті. Интеллектуалды ойын барысында тапсырмалар "learning apps", "kahoot", "wiser" платформалары арқылы орындалды. Ойын соңында мәтін бойынша талқылау жүргізілді.