14
май
2022
"Жаңа-Ру" "QazIQ" интеллектуалды жобасы
13 мамырда Владимир Савва атындағы #9 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, "Жаңа-Ру" жастар коалициясының қауымдастығы мен "QazIQ" интеллектуалды жобасының ұжымының ұйымдастыруымен "QazIQ" интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: Жамбыл облысында интеллектуалды ортаны қалыптастыру.
Интеллектуалды ойын 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңде 7 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1 кезең- Жеңілдетілген сұрақтар.
2 кезең- Орташа қиындықтағы сұрақтар.
3 кезең- Кино және музыка.
4 кезең- Орташа қиындықтағы сұрақтар.
5 кезең- Фотобайқау.
6 кезең- Қиындатылған сұрақтар.
7 кезең- Блиц сұрақтар.
Әр кезеңнен кейін жауаптар жазылған бланклерді ұйымдастырушылар жинап алды, содан кейін экранға дұрыс жауаптары көрсетілді. Аталған интеллектуалды ойынға мектебіміздің жас педагог ұстаздарынан құралған "Динамит" тобы қатысты. Топ мүшелері: Узбекбаев Э., Наметқұл Қ., Мухтанова Ж., Мухтанова А., Малхарбекқызы Б., Ермек М. Ұстаздарымыз ойындар ерекше белсенділік танытып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жас педагогтерді жүлделі орындарымен құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!