28
январь
2020
Қоғамдық бағытындағы (тарих,өзін-өзі тану) пәндері әдістемелік бірлестігі өткізген пәндік декадасы
2019-2020 оқу жылында мектепішілік жоспарға сай қаңтардың 15-25 жұлдызы аралығында қоғамдық бағытындағы (тарих,өзін-өзі тану) пәндері әдістемелік бірлестігінің өткізген пәндік декадасы болып өтті.
Декада мақсаты: қоғамдық бағытындағы (тарих,өзін-өзі тану) пәндері сабақтарында тиімді әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының саплы білім алу үшін ойлау дағдыларын дамыта отырып танымдық қабілетін арттыру.
Декада барысында 11 мұғалім ашық сабақтар және оқушыға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
16.01.2020ж. «Тарихи тұлға - Т.Рысқұлов» тақырыбында қоғамдық бағытындағы (тарих, өзін-өзі тану) пәндері әдістемелік бірлестігінің пәндік декадасының ашылу кеші болып өтті. Онда Т.Рысқұловтың балалық шағынан бейнефильмнен үзінді көрсетілді. Әрі қарай қоғам қайраткерінің өмірі жайлы «Ұлы тұлға – Т.Рысқұлов» тақырыбында баяндама оқылды.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларының қатысуымен қайраткердің Меркідегі орыс түземдік мектебіндегі білім алған жылдарындағы оқиға туралы «Қызыл жебе» романынан көрініс көрсетілді. Сонымен қатар көрермен оқушылармен бірге Рысқұловтың өмірі, балалық шағы, қызметі жолы және отбасы жайында блиц-виктариналық сұрақтар қойылып, оқушылар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алынды.
Мектебіміздің дарынды оқушылары қайраткер жайында өлең шұмақтарын өз мәнерінде оқыды. Мектеп музыканты Ж.Медетованың сүйемелдеуімен «Тұрарға арналған ән» атты хорды өнерлі оқушылар орындап шықты.
Тарихи кешті қорытындылай келе мектеп директоры Қыстауов Б.Т. өз сөзінде қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың асыл аруағына тағзым етіп, оқушыларға болашақта қайраткер есімін ардақтап, қастерлеп үлгі тұтуды аманат етіп, табыстады.
Кеш соңында 6-сынып оқушылары «Елім менің» патриоттық әнін шырқап, тарихи кеш өз мәресіне жетті.
Онкүндіктің екінші күні «Түркі империясы –көшпенділер мемлекет-тілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері » тақырыбында 10 «А» сыныбымен ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында мұғалім психологиялық ахуалдан бастады, «Миға шабуыл» Сөздер банк, SWOT талдау, Фишбоун стратегиясы, Венн диаграммасы.Тұлға бойынша эссе, Тұлға бойынша ПТСО әдістерін тиімді пайдалана білді. Кері байланыс Рафт әдісін қолдану арқылы жүргізілді.
17.01.2020 ж. Кушанова С.Н. «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы» тақырыбында 8 «А» сыныбымен ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында мұғалім психологиялық ахуалдан бастады, «Миға шабуыл» Сөздер банк, SWOT талдау, Фишбоун стратегиясы, Венн диаграммасы.Тұлға бойынша эссе, Тұлға бойынша ПТСО әдістерін тиімді пайдалана білді. Кері байланыс екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы жүргізілді.
20.01.2020 ж. Саукинбаева М.М. 9 «Б» сыныбында «Ислам дініндегі бағыттар. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері мен жоралары» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.Сабақ барысында мұғалім психологиялық ахуалдан бастады, Сабақ барысында сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс түрлері жүргізілді. Қолданған әдіс тәсілдері өте тиімді болды.Атап айтсақ «Қар кесегі», Венн диаграммасы, 5 минуттық эссе, сәйкетендіру тесті.
21.01.2020 ж. Пакырадинова С.Ш. 5 «А» сыныбында «Тасмола архео-логиялық мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ басында психологиялық ахуалдан бастап, білмдерін жан-жақты тексерді.Сыныпты үш топқа түс қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда «Болжау әдісін»пайдаланды, бейнефильм көрсетілді.Мәтінмен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс түрлері жүргізілді.Сабақ барысында саралау тапсырмаларын қолданды. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүріп, ауызша кері байланыс үдерісі жүріп отырды.Оқушылар бағалау кезінде өзін –өзі , өзара қалай бағалағанын айтып, еркін жауап берді.
22.01.2020 ж. Садыков Е.Е «Берельские курганы » тақырыбында 5 «Г» сыныбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс түрлері жүргізілді, Тапсырмаларды орындап біткен соң бағалау түрлері жүргізіліп отырды, Сабақ соңында кері байланыс алынды. Сабақ өз деңгейінде өтті.
22.01.2020 ж. Сейтова А.П. 5 «Д» сыныбында «Берельские курганы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда «Болжау әдісін» пайдаланды, бейнефильм көрсетілді.Мәтінмен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс түрлері жүргізілді.Сабақ барысында саралау тапсырмаларын қолданды. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүріп, ауызша кері байланыс үдерісі жүріп отырды.Оқушылар бағалау кезінде өзін –өзі , өзара қалай бағалағанын айтып, еркін жауап берді.
Онкүндіктің жетінші күні тарих пәні мұғалімі Сейтова А.П. 6-7 орыс сыныптары арасында «Лидер ХХІ века» интеллектуалды ойын жүргізді. Ойын шарты бойынша бірінші кезең «Бәйге», екінші кезең «Палиглот», Үшінші кезең «Шкатулка мудрости» деп аталса, төртінші кезең «Көкпар» , Бесінші кезең «Эрудит», ал соңғы кезең «Жорға» деп аталады. Бұл алты кезең бойынша Қазақстан тарихы пәнінен сұрақтар мен тапсырмалар берілді.Әр кезеңде бір оқушыдан ойыннан шығып отырды, ең соңғы кезеңде үш оқушы ақтық кезеңге жолдама алып, сабақ соңында марапатталды.