17
январь
2020
Алты Алаштың қайсар ұлы - Тұрар Рысқұлов
16.01.2020ж. «Тарихи тұлға - Тұрар Рысқұлов» тақырыбында қоғамдық бағытындағы (тарих, өзін-өзі тану) пәндері әдістемелік бірлестігінің пәндік декадасының ашылу кеші болып өтті. Кеш барысында социалистік жүйенің құрылуы кезінде Орталық Азия халықтарының басын қосып, Түрік Республикасын құруды ұсынып, тың саяси пікірлер ортаға салған мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың балалық шағынан бейнефильмнің үзіндісі көрсетілді. Әрі қарай қоғам қайраткерінің өмірі жайлы «Ұлы тұлға – Тұрар Рысқұлов» тақырыбында баяндама оқылды.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларының қатысуымен қайраткердің Меркідегі орыс-түземдік мектебіндегі білім алған жылдарындағы оқиға туралы «Қызыл жебе» романынан көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, көрермен оқушылармен бірге Рысқұловтың өмірі, балалық шағы, қызмет жолы және отбасы жайында блиц-викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алынды.
Мектебіміздің дарынды оқушылары қайраткер жайында өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Мектеп музыканты Ж.Медетованың сүйемелдеуімен «Тұрарға арналған ән» атты хорды өнерлі оқушылар орындап шықты.
Тарихи кешті қорытындылай келе, мектеп директоры Қыстауов Б.Т. өз сөзінде қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың асыл аруағына тағзым етіп, оқушыларға болашақта қайраткер есімін ардақтап, қастерлеп үлгі тұтуды аманат етіп, табыстады.
"Елім менің" патриоттық әнінің шырқалуымен тарихи кеш өз мәресіне жетті.