11
март
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жүзден жүйрік» атты зияткерлік ойын
Бүгін Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жүзден жүйрік» атты зияткерлік ойын өткізілді. Бұл ойынға 7-8 сыныптар арасынан 5 топ қатысты. Ойын ережесі 3 кезеңнен: 1-кезең: «Ұшқыр ой» Жамбыл Жабаевқа байланысты сұрақ-жауап, 2- кезең: «Құпия ұяшықтар», 3- кезең: «Бұл кім?»
Сайыс соңында 8 «А» сынып оқушылары «Мұрагер» тобы 1 орын, 7 «А» сынып «Жалын» тобы 2 орын, 7 «Б» сынып оқушылары «Алғырлар» тобы 3 орын, 7 «В» сынып оқушылары «Тұлпар тобы», 8«Б» сынып оқушылары «Сұңқар» тобы алғыс хаттар мен марапатталды.