06
февраль
2024
"Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады"
Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп- лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады" тақырыбында сабақ өтті.
Мақсаты: Ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.
Мамандық таңдау- болашағыңды айқындайтын факторлардың бірі.Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытов "Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет ететін нәрсе"деген екен.
Мамандық таңдау- маңызды іс.Бұл әсіресе мектеп бітіруші түлектердің бас ауыртар басты мәселесі.Технологияның дамыған заманын жастарға еңбекке қабілетті,озық білімді,жаңашыл болуы шарт.Бүгінгі таңда болашақта өзекті мамандықтардың атауларын білу өте маңызды.
Сондай-ақ "Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласымен және жойылып бара жатқан мамандармен ата-аналар танысты. Психофизиологы,психология ғылымдарының докторы Е.А.Климовтың тәсілдері ұсынылды .Сабақ соңында ата-аналарға арналған жадынама таратылды.