14
февраль
2024
«Ауғанның асуында от кешкендер»
«Ауғанның асуында от кешкендер»
13 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс – шараға Ауған соғысы ардагерлері Ауганов Бағдәулет, Мұқтанов Сексенбай, Зубрев Сергей Викторович, Шолпанқұлов Ержан, Зеткулов Есболат, Абулхайыров Серік мырзалар қатысып, тақырып аясында әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғады. Ардагерлер ауған соғысына Меркі ауданынан 110 ер – азамат қатысып, оның бесеуі қайтыс болғаны туралы деректер айтты. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын – деді ардагер. Мектеп директоры Н.С. Койшиманова іс – шара барысын қорытындылап, қонақтарға іс – шараға атсалысқандары үшін алғыс білдірді. Ауғандағы азап шеккен арыстар, - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес