16
март
2024
Облыстық семинар практикум!
*Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің ұстаздары 15 наурыз күні "Сабақты зерттеу - оқыту мен оқу үдерісін дамытудың тиімді жолы" тақырыбындағы облыстық семинарда өз іс- тәжірибесімен бөлісті.
*Семинар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу- әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен өтті.
*Семинардың пленарлық сессиясында мектеп директоры С.Н.Койшиманова
«Сабақты зерттеу- оқу мен
оқытуды жақсартудың
векторы» сабақты зерттеу тәсілі, мұғалімдердің зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, сабақты зерттеу-оқу мен оқытуды жақсарту векторы, «Lesson Study» зерттеуін жүргізу - білім сапасын арттырудағы мектептегі іс-тәжірибесімен бөлісіп баяндама жасады.
*Семинардың тәжірибе бөлімінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Ибрагимова 8 " Б" сыныбында зерттеу сабағын көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын белсенді оқыту әдістерін қолдану, оқылым дағдыларын графикалық органайзерлер арқылы арттыру, сабақты зерттеуді енгізу аясында тәжірибе алмасты.
*Зерттеу тобының мүшелері бақылаушылар А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерттеу бойынша бақылау іс-тәжірибесімен бөлісті.