13
март
2024
«Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі және жетілдіруін ынталандыру процесі»
12.03.24 күні «Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі және жетілдіруін ынталандыру процесі» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған коучинг өтті. Коучинг барысында оқушылардың жеке дамуына педагогтардың ықпалы жайында айтылып, QR код арқылы сілтемеге өтіп, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Коучинг дөңгелек үстел форматында өткендіктен, педагогтер балаға оң ықпал етудің бірқатар жолдарын талдап, іс-тәжірибесімен бөлісті.