04
ноябрь
2023
“Жаратылыстану пәндерінің сабақ жоспарына білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды оқу мақсатына сәйкес енгізу” тақырыбындағы коучинг
“Жаратылыстану пәндерінің сабақ жоспарына білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды оқу мақсатына сәйкес енгізу” тақырыбындағы коучинг
2023 жылы 2 қарашасында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде “Жаратылыстану пәндерінің сабақ жоспарына білім алушыладың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды оқу мақсатына сәйкес енгізу” тақырыбында биология пәнінен Ж.Сыдыкова, физика пәнінен А.Сансызбаева, химия пәнінен Н.Жеңістің ұйымдастыруымен жас маман, педагог-модераторларға арналған коучинг өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын құндылықтарға бағыттау арқылы тапсырмаларды оқу мақсатына сәйкес енгізу. Коучинг барысында ұйымдастыру кезеңінде “Нейрожаттығу” тренингі жүргізілді.
Қатысушылар тақырыптың негізгі қағидаларымен танысып, “Light“ әдісін пайдаланып функционалдық тапсырманы оқу мақсатына сәйкестендіріп, практикалық жұмыс орындап, кері байланыс жасады. Коучинг соңында қатысушылар өздерінің ұсыныстарын айтты.