19
март
2024
🔰"Экологиялық білім беру қазіргі заман тренді"
2024 жылдың 18 наурызында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінде педагог эколог Г.Сыдықованың ұйымдастыруымен "Экологиялық білім беру қазіргі заман тренді" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Негізгі мақсаты оқушылардың қазіргі әлемдегі экологиялық білім берудің маңызы туралы түсініктерін ашу және тереңдету, оларды экологиялық білім берудің негізгі қағидаларымен, оның маңызы мен қазіргі әлемге әсерімен таныстыру.
Іс-шара барысында ұйымдастыру кезеңінде топтарда ынтымақтастық пен ұйымшылдықты арттыру мақсатында экологиялық блиц жүргізілді. Қатысушылар 6 кезеңнен тұратын экологиялық квест тапсырмаларын орындап, қорытындылау барысында Экоклуб- экологиялық еріктілер тобында зерттеліп жатқан жоба жұмыстарын қорғады.
Іс-шара соңында қатысушы командалардың алған ұпай сандары есептелініп, жүлделі орындармен марапатталды.