06
апрель
2024
Гүл өсіру- мәдениеттіліктің айнасы
2024 жылдың 5 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде қоршаған ортаны көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, ағаштар мен өсімдіктерді, гүлдерді күтіп, баптауға, тазалыққа баулу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында , эксперименталды алаң жұмысы аясында экоклуб мүшелері, еріктілер тобы гүл егу процесіне атсалысты. Мектеп ауласына 100 түп раушан гүлдерін отырғызып, мектеп айналасын гүлдендіруге өз үлестерін қосты.