23
ноябрь
2022
"Оқушылардың экологиялық мәдениетін дамытудың маңыздылығы мен ерекшелігі" атты экотренинг
2022 жылдың 23 қараша күні мектебіміздің Эксперименттік тәжірибе жұмысының жоспарына сәйкес оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экотренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығы мен қамқорлығын арттыру; Оқушылардың экологиялық көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру; Табиғи ортаның тұтастығын, белсенді әрекеттің маңыздылығын түсіну, қоршаған ортаны қорғау; Танымдық белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тренингке 120 оқушы қатысты.
Алғы сөз мектебіміздің директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлына берілді. Өз сөзінде қазіргі уақытта ең басты, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі экология екендігін айта отырып, ерте жастан оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, мектеп-лицей жағдайында экологиялық жобаларды ұйымдастырып жаңа тың идеялардың бастамасы ретінде мектебіміздің эксперименталды алаң ретінде жұмыс жасайтындығын атап өтті.
Тренинг барысында әлеуметтік талдаушы- Д.Қ.Оразымбетова, педагог-эколог А.Е.Палахмет, қосымша білім беру педагогтары- Ғ.Ж.Базарбай, С.А.Бейбіт оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру мақсатында экологиялық блиц сұрақтар мен экологиялық талдаулар жасатты.
Тренинг нәтижесінде, мектеп-лицейімізде «Экоклуб» ұйымы ашылып, ерікті оқушылар клуб қатарына алынды.
Оқушылар тренингке пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты.