«Мектеп-лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары»
Облыстық білім басқармасының Эксперименталдық бағдарламалар кеңесіне сәйкес Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі «Мектеп-лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік жұмыс жоспарының теориялық кезеңін бастап кетті. Эксперименталды алаң жұмысының ғылыми жетекшісі Шуиншина Шолпан Мырзақасымовна, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы және директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Узбекбаев Эдард Жаңабайұлы эксперменттік тәжірибе жұмысының жоспарын ZOOM платформасында кездесу өткізіп талқыланды. Алдағы уақытта эксперименталды алаң жұмысы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен маңызы зор ұзақ мерзімді жобалардың бірі болмақ.