
"PROECO" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

2024 жылдың 28-30 сәуір күндері Астана қаласында өткен 5-8 сынып оқушыларына арналған "PROECO" экологиялық жобалар конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты: Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа Жамбыл облысының 5 оқушысы қатысып, нәтижесінде Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Жеңісхан Жалғас - I дәрежелі дипломымен және 8 сынып оқушысы Қарсақбай Ардақ - III дәрежелі дипломымен марапатталды.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!!!