13
май
2024
“Қазақ халқының батыр ұлдары”
10.05.2024ж күні мектеп кітапханасында «Ә.Марғұланның еңбектері» 120ж тақырыптық көрме .Археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы Әлкей Марғұлан туралы
Әлкей Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Руы - Арғын, Сүйіндік, Айдабол. Сауатын ауыл мектебінде ашқан.
Профессор, тарих ғылымдарының докторы Уахит Шәлекенов Әлкей Марғұланның ата-анасы өз заманына сай білімді болғанын айтады.
Әкесі де, анасы да осал болмағанға ұқсайды. Олар өз уақытына сай білімді, шығыстың мәдениетімен таныс адамдар болған. Әкесі мен анасы баласының оқуына, рухани дамуына жәрдемдескен. 1920 жылы Ленинградқа барып оқу оңай емес еді. Әлкей Марғұланның ғылымға деген құлшынысы оның тегінде бар", - дейді ғалым сұхбаттарының бірінде.
1919 жылдың соңында Павлодар қаласындағы мұғалімдік курсқа түсіп, оны тәмамдағаннан кейін туған ауылында мұғалім болып істейді. Білімін одан әрі шыңдау мақсатында 1921 жылы Семейдегі педагогикалық техникумға түсіп, оны 1925 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Осы жылдар аралығында "Таң" журналы мен "Қазақ тiлi" газетiнiң редакцияларында қызмет атқарады әрі жазушы Мұхтар Әуезов пен ақын Мағжан Жұмабаевпен танысады.