08
сентябрь
2022
Асанбай Асқаровтың дара жолы
Мектебімізде 8 қыркүйек күні Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған 7-11 сынып арасында «Асанбай Асқаровтың дара жолы» атты сынып сағаттары, дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Асанбай Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері, әдеби шығармаларымен таныстыру, отанын сүюге, елжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Сонымен қатар мектеп дәлізінде, кітапханасында А.Асқаровқа арналған бұрыш, 10 "а" сынып оқушылары «Шежіре» атты бағдарламасы арқылы қойылым көрсетіп өтті. Қойылым барысында А.Асқаровтың үзеңгілес дос, таныс болған замандастары сыр шертті. Тарих пәнінің мұғалімдері «Тау тұлға- Асанбай Асқаров» атты конференция ұйымдастырды Конференция барысы А.Асанбаевтың өмір жолы, еңбектері, ғылыми дәрежелері, шығармалары таныстырылды.
Асанбай Асқарұлы Асқаров 1922 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылында туылып, 2001 жылы 13 тамыз күні Алматы қаласында өмірден өтті. Ол көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері.
А.Асқаров мектептен кейін Фрунзедегі педагогикалық училищені 1939 жылы бітіріп, еңбек жолын мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1942-1946 жылдары әскери міндетін өтеді, полк мектебінде, саяси училищеде оқыды. Полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-1954 жылдары Мәскеу қаласы Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-1958 жылдары Жамбыл облысындағы Красногорск және Мерке аудандары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы, 1959-1965 жылдары Жамбыл облысының облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бірінші хатшысы болған және Қазақстан Орталық комитеті Коммунистік партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған. Еңбектері ұшан теңіз. Қазақстанның 3 облысына ерекше еңбегі сіңген, өзінің зор ұйымдастырушылық таланттының, үздік білімінің арқасында билік пен мансаптың ұшар биігіне көтеріліп, өтірік жалаға ұшырап, тақтан түрмеге түсіп, азап пен тозақтың, қорлық пен зорлықтың неше түрін бастан кешірген......Осы мағлұматтар оқушыларға терең түсіндіріліп, жеткізілді.... Асанбай атаның 100-жылдық іс-шарасы жалғасын таба бермек....