27
май
2024
Мектебім саған - мың алғыс!
Бүгін, " Мектебім саған - мың алғыс! тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Ата-аналар үшін қуанышты күн болса оқушылар үшін, қимас балалық шақпен қоштасу күні. Сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн. Салтанатты жиын дәстүрге сай, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран орындаудан бастау алды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Н.С. Койшиманова сөз алып, ұядан алған білімін қияда серік етіп, биік мақсаттарды бағындыруға бет алған түлектерімізге ақ тілек білдірді,сонымен биылғы мектебіміздің жетістіктерімен ата – аналарды таныстырды. Қуанышымызды бөлісу үшін аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Т. Мустафина, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімінің орынбасары, ата – аналар комитетінің төрағасы М. Шалабаев және ардагер ұстаздар қонаққа келді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Б. Мустафинаға сөз беріліп, түлектерге сәт сапар тіледі. Салтанатты жиында жас түлектер өздерінің ән шашулары мен билерін билеп, ал 1 – сынып бүлдіршіндері түлектерге арнап құттықтауларын білдірді. Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың үздік, алтын белгі иегерлері Кеңесбай Назира, Амир Мөлдір, Кармаев Ильяға және 1 – сынып үздік оқушыларымыз Болатби Альмира, Ьағдат Димаш пен Федоров Владимирге берілді. Сәт - сапар жас түлек! Ұлттық біріңғай тестілеуде жоғарғы көрсеткішке ие болып, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз!