Өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ақпарат
2024 жылдың 28 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Бауыржан Шашубай, Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Амантаев Рустам Білімжанұлы өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ақпарат беру мақсатында мектеп ұжымымен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар өрт сөндіру құралдары туралы кеңінен мәлімет беріп, қызметкерлерге газ және электр пештері мен құралдарын ұқыпты пайдаланып, ақауы болса дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ көзге көрінбейтін улы газдың адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретіндігін естен шығармау қажеттігін айтып өтті.