03
март
2023
«Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасы»
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінде 27 ақпан күні 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Білім беру мекемелерінде дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру бағытында» кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: жастарға дін жайында дұрыс ақпарат беру, отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын, мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ отансүйгіштікке тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу. Кіріспе сөз ретінде тарих пәні мұғалімі Садыков Еркин Ерназарович «Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасы» туралы түсінік беріп өтті.
Кездесу барысында Меркі ауданының Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы: теолог маман Толғанбай Ғалымжан Бейбітұлы мектеп оқушыларына отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап, терең түсінік беріп өтті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
Кездесу соңында Жастар ресурстық орталығының бизнес-тренері: Айдарбек Назерке Айдосқызы сөз алды. Қазіргі таңда жастарға арналған бірнеше тиімді бағдараламалардың бар екенін ашып түсіндіріп өтті. Әсіресе «Серпін бағдарламасының» 9-11 сынып түлектеріне көптеген жеңілдіктерін атап өтті.