«Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу»
2024 жылдың көктемгі (1-30 сәуір) «Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу» айлығының жоспарына сәйкес 25 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушыларға зиянды заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра , саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында мектеп медбикелері А.Атамуратова, Т.Тилегенованың ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларына «Есірткі адамға қаншалықты зиян» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға аталған тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертіп, есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндірілді.