30
сентябрь
2024
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңі.
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңі.
2024 жылдың 28 қыркүйегінде Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде ауыл мектептеріне арналған республикалық пәндік олимпиаданың бастапқы кезеңінің төртінші күні география, информатика пәнінен өтті.
Олимпиаданың бастапқы кезеңінің төртінші күні тұрақты интернет байланыс желісіне қосылған дербес компьютермен жабдықталған орындарда, "бір парта - бір қатысушы - бір компьютер" қағидасына сүйене отырып, онлайн платформасында өткізілді, яғни, оқушының іс-әрекеті бейнекамераға түсіріліп отырылды.
Олимпиадаға жалпы 8 оқушы қатысты. Оның ішінде география пәні бойынша 5 оқушы, информатика пәнінен 3 оқушы өздерінің теориялық білімдерін көрсетті.