Ата-аналарға арналған жиналыс » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
26
сентябрь
2024

Ата-аналарға арналған жиналыс

Ата-аналарға арналған жиналыс
.
"Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі.
Бүгінгі күні.25.09.2024ж Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы жүргізілді. 
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер. 
1.2024-2025 оқу жылының міндеттері және Біртұтас Тәрбие Бағдарламасының жаңашылдықтарын ата-аналарға түсіндіру. 
2.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының "Әділетті Қазақстан:құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" Жолдауды насихаттау. 
3.Кәмілетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу 
4.Жарақаттанудың алдын алу бойынша Жол ережесін білу-қауіпсіздік негізі.
5.Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру 
7.Бірыңғай мектеп формасының талаптарының сақталуы 
8.Бала қауіпсіздігі басты назарда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Жоғарыдағы күн тәртібі бойынша мектеп әкімшілігі жалпы түсіндіру, талдау жұмыстарын толық ата-аналарға жеткізді. Біртұтас тәрбие бағдарламасының өзектілігімен,  әр қағиданың маңыздылығымен соның ішінде "Өнегелі 15-минут" күнделікті баласымен мінез-құлық және адамгершілік жайында күнделікті жеке әңгімелесуі, смартфон телефонын қадағалау,  жат, қажетсіз сайтқа кірмеуін қатаң талап ете отырып, түсіндірілді.
 Қасым Жомарт Тоқаевтың Жаңа жолдауының маңыздылығы, елдің болашағы үшін беріліп жатқан тапсырмалардың өзекті екені айтылды. Міндетті мектеп формасынының талаптарының сақталуы, әкімшілік тарапынан шара қолданатыны ескертілді. Ата-аналардың бірінші міндеттерінің бірі,  баланың талапқа сай, киініп келуі.
Интернет желісі арқылы балалар ойындарының қауіптілігі -балаларға қауіп төндіру, өмірлеріне зиян келтіру, психологиялық денсаулығың бұзылуына әкелуде. Осы жағдайда ата-аналарға ескертулер айтылды. Интернеттегі қауіп қатер. Шынайы өмірдегі буллинг  және кибербуллинг,  балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар, баланы қайғылы жағдайларға итермермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар, әлеуметтік желілердегі алаяқтар. Осы тақырыптарға кеңінен тоқталып, мектеп психологтары, идн, құқықтық тәрбие орынбасары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 Қауіптердің алдын алу үшін не істеу керек?
1.Ата-аналар бақылауы. Құрылғыларда ата-ана бақылауы сүзгілерін қолданыңыз. Бұл қажетсіз контентке қолжетімділікті шектеуге көмектеседі. Бұл,баланың немен айналысып жатқанын бақылайды. Қадағалауға мүмкіндік береді. Баланың телефонын тексеріп отыру. Әлеуметтік желілер мен топтарды бақылау, хабарламалар орнату, Интернетті пайдалану уақытын шектеу, ашық диалог .Баламен үнемі байланыста болу.Балалар жіберген қателіктері үшін жазаламай, болашақта ондай жағдайлардан қалай аулақ болуға болатынын талқылау маңызды. 
Сонымен бірге, жол ережесін сақтау. Балаларға жол қауіпсіздігін сақтау, күнделікті күн тәртібінен түспеу ескертілді. Бастауыш сынып 
оқушыларын тек, заңды өкілдері, яғни ата-аналары тасу, алып кету қатаң ескертілді. Сабақ аяқталған соң, өздері күтіп алу қажеттілігі ескертілді.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив