Бала қауіпсіздігі басты назарда

2024 жылдың 3 мамырында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.

Бүгінгі жиналыста аудан әкімінің орынбасары бала тәрбиесіне қатысты бірнеше мәселелерге тоқталды.

Нақтырақ айтқанда, ата-аналарға «Құқық бұзушылыққа жол бермеу», «Ұрлық- түбі қорлық» бейнеролик көрсетіліп, “Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы” тақырыбында АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция майоры Д.Омарова кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қадағалауынсыз қоғамдық орындарда жүрмеу керектігі жөнінде бірнеше ақпаратпен таныстырды. Назаркулова Айгерім Серікқызы (№21 ЖББМ педагог – психологі) ата –аналарға кеңес беріп, тәжірибесімен бөліссе, Умурзакова Рита Шамшетовна (№28 ЖББМ педагог- психологі) “Жанұя бақыты- шаңырақ шаттығы” атты тренинг ұйымдастырды. «АПВ вакцинациясының тиімділігі мен кезені» тақырыбында дәрігер Х. Адешова қазіргі таңдағы онкологиялық аурулар жөнінде бірқатар мәліметтерді атап өтті.