25
сентябрь
2024
«Менің сүйікті кітабым»
25.09.2024ж күні мектеп кітапханасында 6 «а» сынып оқушыларымен «Менің сүйікті кітабым» атты іс-шара өтті.
Мақсаты : Оқырмандарды көркем шығармалар мен тансу,оқуға шақыру, кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханашымен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру.
Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу- әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
Көркем шығарма-адам тәрбиелейтін басты әрі қуатты құрал.Қазіргі таңда кітапханамыздың ең жас оқырмандары , өздері оқыған кітап туралы өз ойларын жеткізіп берді. Сонымен қатар өздерінің жақсы көретін өлеңдерін оқып берді.6 «А» сынып оқушылары:
Аманжол Мұстафа
Амангелді Жанель
Рахымжанқызы Раяна
Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлықтарын, Отанын, өз отбасын сүю, адамды қадірлеу, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту.
https://www.facebook.com/100055134233070/videos/1494029221252163/