02
сентябрь
2024
Білім күні
https://www.facebook.com/reel/1020864679368400
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде бүгін, Білім күніне арналған "Мектебім-мейрім мекені" тақырыбында 1,11-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Мұстафина, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп ұжымы қатысты. Биыл бірінші сыныпқа 177 -оқушы, 8-сынып комплектісі болуда. Мектеп директоры Н.Койшиманова шәкірттерді құттықтап, президент ұсынған Ұлттық құрылтайдағы "Әділетті Қазақстан "- Адал азамат "атты сөзіне кеңінен тоқталып, болашақттың жарқын болатынына сенім білдірді. Оқу ісінің орынбасары Елубаева Г мектеп-лицейінің бұйрығымен таныстырды. 1,11-сынып оқушыларының концерттік іс шарасы жалғасын тауып, естелікке суретке түсті. 1-сынып шәкірттері сынып бөлмелеріне кіріп, қауіпсіздік сабағын жалғастырды...
Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп.
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп.....