17
октябрь
2024
«Алып тұлға - Балуан Шолақ»
16 қазан күні М.Әуезов атындағы ЖОББМЛ «Алып тұлға - Балуан Шолақ» тақырыбында 11-ә сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды күш атасы Балуан Шолақтың өмірі және тарихымен таныстыру. Ұлы ғұламаның шығармашылығымен таныстыра отырып, тәрбие мен білім беру. Оқушыларды адамгершілікке, өнерді сүюге, салауатты өмір салтын ұстануға, үлгі - өнеге алуға шақыру. Халық қалаулыларына деген сүйіспеншілік қалыптастыру, оқуға құштар ұрпак тәрбиелеу.
Тәрбие сабағында алып күш атасы, қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны туралы оқушылар өз ой пікірлерін ортаға салды. Өмір тарихын айта отырып қазақ ғұламасының ұрпаққа қалдырған мұрасын үлгі өнеге ете білді.
Сабақ барысында шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, Балуан Шолақ және казіргі балуандар ұқсастықтары туралы айта келе, казіргі заманғы қазақ балуандары туралы, қазақ елінің қазақ спортындағы қол жеткен жетістіктері туралы ой қозғалды